Banzai Fitnessтің PREMIUM деңгейін байқап көріңіз!

28.08.2024 04:55

   RU    

 

Премиум деңгейіндегі фитнес әлеміне қош келдіңіздер!

Біз ашылдық!

2024 жылдың 30 қыркүйегі Алматының фитнес-мәдениетінің дамуындағы маңызды кезең болмақ. Салауатты өмір салты үшін кеңістік құруда 20 жылдан астам тәжірибесі бар аты аңызға айналған Banzai Premium фитнес клуб желісі жаңа премиум-деңгейдегі алғашқы филиалын ашуда – Banzai Premium | Samal. Бұл клуб жай ғана жаттығу алаңы емес, фитнестің, жайлылықтың және талғампаздықтың нағыз оазисі болады.

 

 

ШАҚЫРУ!

Қазіргі BANZAI клиенттері үшін
 

Тек 30 қыркүйектен 31 қазанға дейін жарамды абонементті (Silver Gold) сатып алған немесе иеленген кез келген Banzai Fitness клиенті жаңа - BANZAI PREMIUM | SAMAL фитнес клубында байқап көру, танысу жаттығуларын жасай алады!

Жалғыз шарт Сіздің абонементіңіз 2024 жылдың 6 қазанына дейін кешіктірілмей сатып алынуы керек.

 

 

 

 

1800 шаршы метрдегі кеңістік пен жаңашылдық

Әр метрдегі жаңңашылдық
 

Banzai Premium | Samal – 1800 шаршы метрді алып жатқан кең әрі заманауи фитнес клуб. Біз клубқа барған сайын жайлылық пен шабытқа толы болуын қамтамасыз ету үшін әлемдік жетекші «Hist» және «Matrix» брендтерінің премиум жабдықтарын ойластырылған дизайнмен біріктірдік. Біздің клубта сіз құрмет пен ерекшелік атмосферасын сезінесіз, мұнда әрбір бөлшек келушілерімізге деген сүйіспеншілік пен қамқорлықпен жасалған.

Бүкіл отбасыға арналған фитнес-бағдарлама

Сіздің денсаулығыңыз – біздің мақсатымыз

 

Banzai Premium | Samal бүкіл отбасына арналған. Мұнда сіз ең жақсы мамандардың жетекшілігімен фитнеспен айналысып, уақытыңызды жайлы өткізе аласыз. Біз сіздің фитнес мақсаттарыңызға жетуге көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар сіздің денсаулығыңызға аса қамқорлықпен қарайтын боламыз. Біздің жаттықтырушылар мен диетологтар сіздің барлық қажеттіліктеріңіз бен денсаулық жағдайыңызды ескере отырып, жеке жаттығулар мен тамақтану бағдарламаларын әзірлейді. Сіздің дене бітіміңіздің ғана емес, жалпы әл-ауқатыңызды жақсаруына кепілдік береміз!

 

Жетістікке жетелейтін бағдарламалар

Барлығына арналған премиум фитнес
 

Banzai Premium | Samal клиенттеріне түрлі инновациялық фитнес бағдарламалар жасалуда. Жаңа мүмкіндіктерге кеңейтілген Cycle жаттығу аймағы кіреді, онда сіз өзіңізге ойлау өрісі жақын адамдардың белсенді тобында калорияларды тиімді жағып, жүрек-тамыр жүйесін нығайта аласыз. Топтық бағдарламалар ең өзекті және танымал бағыттарды қамтиды – йогадан бастап қарқынды интервалдық жаттығуларға дейін. Сіз әрқашан трендте боласыз, өйткені біздің бағдарламаларымыз үнемі жаңартылып отырады, ол сізге жаңа тәжірибелер мен мақсаттарыңызға жету үшін мотивация беретін жаңа фитнес трендтерін ұсынады.

 

 

 

 

Banzai Premium – таңдау еркіндігі және ерекше қамқорлық

100% сізге арналған фитнес

 

Banzai Premium желісінің негізгі ерекшеліктерінің бірі – өз клиенттеріне барынша еркіндік пен ыңғайлылықты қамтамасыз етуінде. Сіз Banzai Premium | Samal филиалының клиенті бола алатын, сонымен қатар сонымен қатар таңдалған Platinum жазылымының түріне қарамастан Banzai Fitness желісіндегі 7 клубтың кез келгеніне (Impulse студиясын қоспағанда) бару мүмкіндігін ашылатын Banzai Platinum жазылымының жаңа түрін ашпақпыз.

Сонымен қатар, біз Banzai Platinum Жыл сайынғы билеттерін сатып алу үшін пайызсыз бөліп төлеу жоспарын ұсынамыз, осылайша премиум фитнес артық қаржылық жүктемесіз барлығына қолжетімді болады.

 

 

 

Жаттығулардан кейінгі қалпына келу: сәнді сауналар

Сіздің денеңізге арналған ең жоғарғы деңгейдегі жайлылық

 

Banzai Premium | Samal фитнес-залында жаттығудан кейін толық қалпына келу үшін өте тамаша сауналар ұсынылады. Жылу терапиясы қан айналымын жақсартады, бұлшықет кернеуін азайтады және қалпына келтіруді тездетеді, бұл фитнес мақсаттарыңызға тезірек жетуге көмектеседі.

 

Сана мен дене рахаты

 

Сонымен қатар сауналар күйзелісті азайтуға және көңіл-күйді жақсартуға көмектеседі. Біздің клубта сіз жайлы және жеке ортада толық демалып, сауығып кете аласыз.

 

 

 



 

Алматының дәл ортасындағы ыңғайлы орналасу

Тек сіздің назарыңызда
 

Banzai Premium | Samal филиалы “Ритц-Палас” сауда ойын-сауық орталығында Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 1, Достық к. Бұрышындағы мекенжай бойынша ыңғайлы орналасқан. Бұл өз уақытын бағалайтын және жаттығуларды басқа күнделікті жұмыстарымен қатар алып жүруді қалайтындар үшін тамаша орын.

 

Ашылуы жақында!

Бұл маңызды күнді жіберіп алмаңыз – Banzai Premium | Samal 30 қыркүйектен бастап сіз үшін қызмет ететін болады! Толық ақпаратты, клубтың фотосуреттерін және абонементтердің бағасын ашылу күніне қарай ұсынамыз. Сіздерден шамалы уақыт күтулеріңізді сұраймыз, себебі сіздердің күткен үміттеріңізге тұрарлықтай ұсыныс болмақ. Жаңа ақпараттардан қалыс қалмаңыз және Алматы қаласында жаңа деңгейдегі фитнес-залға дайын болыңыз!

 

 



 

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ БАР МА?

Барлық сұрақтарыңызға WhatsApp немесе тікелей телефон арқылы қуана-қуана жауап беруге дайынбыз!