Асель Бейсенбаева
Фитнес-нұсқаушы
Жұмыс кестесі: дс. ср. жм. сағат 06:00 дан 14:00 ке дейін.
Жаттықтырушы сипаттамасы:
- Клиенттердің жаттығуын қауіпсіз әрі тиімді ұйымдастыру;
- Клиенттің мақсатына сай жеке жаттығу бағдарламасын құрастыру (арықтау, бұлшықет массасын арттыру, төзімділік пен күшті дамыту);
- Денсаулық жағдайын, жасын және дайындық деңгейін ескере отырып жүктемені таңдау;
- Жаттығуларды дұрыс орындау техникасын үйрету және бақылау;
- Жақсы нәтижеге жету үшін тамақтану бойынша кеңес беру (жеке рационды талдау және түзету, КБЖУ есептеу);
- Нәтижені бақылау, прогреске қарай бағдарламаны түзету;
- Мотивациялық және психологиялық қолдау көрсету, жаттығу тәртібі мен тұрақтылығын бақылау.
Жетістіктері:
- Анатомия, физиология және биомеханика негіздерін білу;
- Диетология және дұрыс тамақтану негіздерін меңгеру;
- Күштік және функционалдық тренинг әдістерін меңгеру;
- Күштік топтық бағдарламалардың сертификатталған жаттықтырушысы (Full body, TRX);
- Өз ісіне деген үлкен сүйіспеншіліктің арқасында жоғары нәтижелер мен жақсы көрсеткішке жеткен, риза клиенттер. Клиенттерге энергия беріп, шабыттандырамын, спортқа деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, күшті әрі өзіне сенімді болуға көмектесемін.
Бапкермен жаттығу құны: 30.000т. (1 ай / 12 жаттығу).
