Шумакова Анель
Жұмыс уақыты: дс. сс. сб. бс. жм.: 14:00-ден 22:00-ге дейін.
НҰСҚАУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ СИПАТТАМАСЫ:
• Фитнес-тестілеу және бастапқы дене дайындығы деңгейін бағалау;
• Салмақ тастау және дене бітімін түзету;
• Бұлшықет массасын жинау;
• Бұлшықет тонусын дамыту және дененің үйлесімді пропорцияларын қалыптастыру;
• Жеке жаттығу бағдарламаларын құрастыру;
• Нутрициологиялық сүйемелдеу негіздері және КБЖУ (калория, ақуыз, май, көмірсу) есептеу;
• Жаттығу процесін бақылау және нәтижелерді қадағалау;
• Алға қойылған мақсаттарға жетудің барлық кезеңдерінде сүйемелдеу және кері байланыс орнату;
• Дене бітімімен жұмыс істеу, дене құрамын өзгерту және спорттық өмір салтын қалыптастыру бойынша жеке тәжірибем бар.
СПОРТТЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРІ:
Спортта 12 жылдан астам тәжірибе;
• Айкидодан спорт шеберлігіне кандидат (СШК);
• Айкидомен 9 жыл жеке айналысу тәжірибесі;
• Серік Қонақбаевтың бокс мектебінде 2 жыл бокспен айналысу;
• Жаттығу залында 4 жылдан астам жеке жаттығу тәжірибесі;
• Жасөспірім кезінде 5 жыл спорттық-бал билерімен айналысу.
КӘСІБИ ДАЙЫНДЫҒЫ:
• Жаттығу залының нұсқаушысы курстары;
• «Жаттығу залының нұсқаушысы» бағдарламасы бойынша курстарды сәтті аяқтап, тиісті сертификат алды;
Оқу барысында меңгерген бағыттары:
• Адам анатомиясы мен физиологиясының негіздері;
• Қозғалыс биомеханикасы;
• Жаттығу процесін құру принциптері;
• Фитнес-тестілеу негіздері;
• Клиенттің дене дайындығы деңгейі мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып жаттығуларды таңдау әдістемелері;
• Skillbox — нутрициология бойынша оқу;
Оқу аясында:
• Медициналық көрсеткіштерін ескере отырып, үш фокус-топқа арналған тамақтану мен салмақты түзетудің кешенді бағдарламасы бойынша дипломдық жоба әзірлеп, қорғады;
• Тамақтану мінез-құлқының бұзылыстарымен (ТМБ / РПП) жұмыс істеу бойынша практикалық кейсті сәтті қорғады;
• Ұтымды тамақтану, КБЖУ есептеу және дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыру негіздерін меңгерді.
Бапкермен жаттығу құны: 30.000т. (1 ай / 12 жаттығу).
